Accessibility links

Қоғам қайраткері Болатхан Тайжан атындағы қор құрылды


Көзі тірісінде Қазақстанның бірнеше елдегі елшісі қызметін атқарып, осыдан екі жыл бұрын жүрек талмасынан қайтыс болған қоғам қайраткері Болатхан Тайжан атындағы қор құрылды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Қордың құрылтайшысы — қоғам қайраткерінің ұлы Мұхтар Тайжан болса, марқұмның жесірі Айсұлу Тайжан Қордың қайырымдылық кеңесінің төрағасы болып табылады.

«Қазақстандағы демократияны жүзеге асыруға арналған бағдарламалар, балалар мен жастарға көмек көрсету және әкеміздің көкейіндегі арманы — тіл мәселесін жалғастыру біздің қор жұмысының негізі болып саналады. Павлодарда талантты оқушыларға шәкіртақы тағайындадық және арабтанушы студенттерге стипендия тағайындамақпыз. Мұның бәрі Қордың қайырымдылық кеңесінің ақылдасуымен іске асады», — деді Мұхтар Тайжан.
XS
SM
MD
LG