Accessibility links

Алматыда журналистің сөз бостандығы талқылануда


Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Алматыда «Әділ сөз» халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен «Ақпараттық даулы мәселелерде журналистің сөз бостандығын қорғаудағы сараптау бағасын жетілдіру» тақырыбында қоғамдық тыңдау өтіп жатыр.

Екі күнге созылған жиынның алғашқы күні азаматтың ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіру турасында сөз қозғалды. Ал наурыздың 5-де мамандар БАҚ-тардағы ұлтаралық және конфессияаралық тақырыпты сөз етпек. Басқосуға БАҚ өкілдерімен қатар Қазақстан Республикасының жоғарғы соты, Әділет Министрлігінің сараптама орталығы және Ішкі істер министрлігінің өкілдері қатыстып, тақырыпқа қатысты өз ойларын ортаға салуда.
XS
SM
MD
LG