Accessibility links

Гаага соты Судан президентін тұтқындайды


Қылмыстық істер бойынша халықаралық сот бүгін, наурыздың 4-де Судан президенті Омар әл-Баширді тұтқындау жөнінде бұйрық шығарды. Мұның өзі биліктегі мемлекет басшысын тұтқындау туралы Нидерландияда орналасқан аталған сот тарапынан жарияланған алғашқы бұйрық болып отыр.

Әл-Башир Суданның Дарфур аймағындағы африкалық тайпаға қарсы геноцид ұйымдастырды деп айыпталуда. Судан президенті дарфурлықтарға қарсы Судан армиясы мен Араб қарулыларын жұмылдырды деген айыптауға айғақтар жетерлік, деді Бас прокурор Луис Морено-Окампо.

БҰҰ-ның айтуынша, 2003 жылы Дарфур жанжалы басталғалы бері 300 мың адам қаза болып, 2 миллион 700 мың адам босып кеткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG