Accessibility links

Журналистерді қорғау комитеті қырғыз журналисі халіне алаңдаулы


Қырғыз журналисі Сырғақ Әбділдаев наурыздың 3-і күні кешкісін ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген болатын. Ол- оппозициядағы Ата мекен партиясының мүшесі, Репортер апталығының тәуелсіз сарапшысы. Денесінде 20-дан аса пышақ ізі табылған журналиске қазір ауруханада арнайы көмек көрсетілуде.

Президент Құрманбек Бакиевтің кеңсесі бұл оқиғаға байланысты шұғыл зерттеудің жүргізілуіне бұйрық берді. Қырғыз журналисінің соққыға жығылуына орай оның әріптестері алаңдаулы.

Нью-Йоркте орналасқан Журналистерді қорғау комитеті бұл шабуылға байланысты алаңдаушылық білдірді. Қырғызстан Журналистер одағының басшысы Абдықадр Сұлтанбаев ел президенті Құрманбек Бакиевті журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

Елдегі Жасылдар партиясы да үкіметтен азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етіп, сыни мәлімдеме жасады.

XS
SM
MD
LG