Accessibility links

Қырғыз әйеліне зорлық-зомбылық күшейіп тұр


Қырғызстан омбудсмен орынбасары Мамат Момуновтың Азаттық радиосына айтуынша, оның кеңсесіне 2007 жылы хұқы тапталған әйелдерден 200-дей шағым түскен екен. Ал өткен жылдың 8 айы ішінде бұл көрсеткіш 300-ден асып кеткен көрінеді. Момуновтың сөзіне қарағанда, шағымдардың басым бөлігі шалғай өңірлерден келіп түскен. Сондай-ақ зорлық-зомбылықтардың 80 пайызы от басы жағдайындағы кикілжіңдерге байланысты екен.

Момуновтың айтуынша, соңғы 4 жылда ел бойынша 5 мыңдай күш қолданулар орын алған. Оның 90 пайызында әйелдер нысанаға алынған көрінеді.
XS
SM
MD
LG