Accessibility links

Қылмыстық топтың жетекшісіне іздеу салынуда


ҚР ІІМ-дегі ақпарат көздерінің дерегінше, құқық қорғау органдары бұрын «Четыре брата» атанған ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілерінің біреуіне іздеу салуда. Қазір бұл қылмыстық топ «Айшуақ Жантүгел» деп аталады.

ҚР ІІМ криминалды полиция комитетінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері бірнеше рет істі болған бұл күдіктіні Алматы облысы, Жамбыл ауданының аумағында қолға түсірген. Сол кезде оның қалтасынан 3,15 грамм героин табылған.

2008 жылдың 21 мамыры күні екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған бұл күдіктіге 14 тамыз күні қайта шешім шығарылып, жалпы режимде 4 жылдық бас бостандығынан айыру жазасы берілген.

Қолына кісен кигізілуін күтпеген «Айшуақ Жантүгел» қылмыстық тобының жетекшісі тығылып қалған. Қазір оның мекен-жайын анықтау шаралары жүргізілуде.
XS
SM
MD
LG