Accessibility links

Чехияда тұтқындалған 6 қазақ босқынының бесеуі босатылды


Наурыздың 5-не қараған түні Чехия полициясы Батыс Қазақстаннан қашып кеткен діни босқындардың бесеуін азат етті. Наурыздың 3-де қамауға алынған 6 босқынға адамдарды заңсыз тасымалдады деген айыптар тағылған. Алтыншы босқын әлі абақтыда отыр. Оның мәселесі бүгін жергілікті сотта шешіледі деп күтілуде.

Әлгі азаматтар өздерін Таза дін жолындағылармыз деп атайтын қазақ діни босқындарының өкілдері боп табылады. 2006 жылы Қазақстаннан босып кеткен кішігірім мұсылман қауымдастығына Чехияда саяси баспана берілмей отыр.

Францияда орналасқан “Орталық Азиядағы адам құқықтары” ұйымы халықаралық қауымдастықтан 205 босқынның Қазақстанға депортациялануын тоқтатуды талап етуде.
XS
SM
MD
LG