Accessibility links

Клинтон НАТО-Ресей байланыстарын қалпына келтіруге шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон НАТО мен Ресей қарым-қатынастарында “алға жылжуға” уақыт келді деп мәлімдеді. Бұл туралы ол бейсенбі күні Брюсселде өтіп жатқан НАТО сыртқы істер министрлерінің кездесуінде айтты.

НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері Ресеймен арадағы жоғары дәрежелі байланыстарды қайта қалпына келтіру мәселесін талқылауда. Ресей мен НАТО арасындағы мұндай байланыстар тамыз айында орын алған Ресей-Грузия соғысынан кейін тоқтап қалған болатын.

Хиллари Клинтон сондай-ақ Украина мен Грузияның НАТО-ға мүше болуына "есік ашық болуы тиіс" деп атап көрсетті. Бұрынғы Совет республикаларының НАТО-ға қосылуына Ресей қарсы. Ал НАТО болса бұл екі мемлекет ең соңында бәрібір одаққа мүше болады деп уәде еткен-ді.
XS
SM
MD
LG