Accessibility links

Иерусалимде бульдозер шабуылын жасаған кісі оққа ұшты


Израилден келіп түскен хабарға қарағанда, палестиналық бульдозер жүргізушісі бүгін Иерусалимде автобус пен полиция көлігіне соғылған соң, атып өлтірілген. Израиль радиосына куәгерлердің айтуынша, бір такси жүргізушісі әлгі палестиналық азаматқа оқ атқан, кейінірек оны полиция өлтірген. Алайда құтқару ресмилері әлгі жүргізуші ауыр халде екенін айтқан. Оқиға барысында екі полиция қызметкері жарақат алды деп хабарланып отыр. Полиция бұл оқиғаны лаңкесттік шабуыл деп атады.

Соңғы 8 айда Иерусалимде осымен үшінші рет бульдозер шабуылы орын алып отыр.
XS
SM
MD
LG