Accessibility links

НАТО Ресеймен байланыстарын қалпына келтіруге келісті


НАТО сыртқы істер министрлері Мәскеумен арадағы жоғары деңгейлі келіссөздерін ресми бастауға келісті. Бұл туралы одақтың бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер хабарлады. Бұл хабарды Ресей сыртқы істер министрлігі жылы қарсы алды.

Оның алдында АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон НАТО мен Ресей қарым-қатынастарында “алға жылжуға” уақыт келді деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Брюсселде өткен НАТО сыртқы істер министрлерінің кездесуінде айтты.
XS
SM
MD
LG