Accessibility links

Украина парламенті қауіпсіздік басшысын бекітті


Валентин Наливайченко Украина қауіпсіздік бюросының басшысы міндетін 2006 жылдан бері атқарып келген болатын. Оның тағайындалуын осылайша парламент те қолдап отыр. Президент Виктор Ющенко осы аптаның басында, аталған бюро жасағының Нафтогаз ұлттық энергия компаниясына рейд жасауын мақұлдаған болатын. Мұның өзі қылмыстық істерді зерттеудің бір бөлігі еді дейді ресмилер. Үкімет басшысы Юлия Тимощенко бұл рейдті заңсыз деп айыптаған еді. Дегенмен Тимощенконың парламенттегі тобы Наливайченконың тағайындалуын қолдап дауыс берді.
XS
SM
MD
LG