Accessibility links

АҚШ пен Сирия келіссөз жүргізді


Жоғары лауазымды АҚШ ресмилері сириялық әріптестерімен кездесіп, екі ел арасындағы жоғары деңгейлі келіссөздер өткізді. АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі міндетін атқаратын Джеффри Фелтман мен Ақ үй өкілі Даниэл Шапиро Сирия сыртқы істер министрі Уалид әл-Моаллеммен және тағы басқа ресмилермен кездесті. Фелтманның мәлімдеуінше, келіссөздер “конструктивті” болған.

2005 жылы Ливанның бұрынғы премьер-министрі Рафик Харириге жасалған қастандық әрекетінен кейін АҚШ Сириядағы елшісін елден шығарған болатын. Вашингтон Хариридің өліміне байланысты Сирияны айыптаған еді. Бірақ бұл айыптауларды Дамаск жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG