Accessibility links

Теһран италияндық журналистті елден қуды


Иран билігі италияндық журналистті елден шығарды. Фарс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, мәдениет министрлігінің өкілі журналист Стенио Солинас Иранға “туристтік визамен келіп, бейтарап емес мақалалар жазды” деген.

Оның алдында Италия сыртқы істер министрі Франко Фраттини Иранға сапарын кейінге қалдырған болатын. Бұған өткен аптада Иран рухани көсемінің Израилге қатысты айтқан мәлімдемесі себеп болған еді.
XS
SM
MD
LG