Accessibility links

Бұрынғы ағылшын қолбасшысы Ауғанстандағы соғысты сынады


Британияның Ауғанстандағы бұрынғы қолбасшысы елдің оңтүстігіндегі әскери операцияны “түкке тұрғысыз” деп сипаттады. Арнайы әскери әуе қызметінің бұрынғы қолбасшысы майор Себастиян Морлейдің мәлімдеуінше, әскери күштердің аз болуы операцияларға әсер етуде. Бұл туралы ол The Daily Telegraph басылымына берген сұхбатында айтты. Себастиян Морлей өткен жылы осы мәселеге байланысты наразылық танытып, қызметінен кеткен болатын.

Британия қорғаныс министрлігі болса осы жылы американдық күштердің санын көбейту жоспары Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдайын жақсартады деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG