Польша президенті АҚШ зымыраннан қорғаныс жүйесіне қатысты Варшавамен жасаған келісімін құрметтейді деп сенетінін айтты. TVN24 телеарнасына берген сұхбатында ол бұл жоба тек Ресеймен арадағы қарым-қатынастарды жақсарту үшін ғана тоқтатылса, ол Польшаға достық емес мінез көрсеткені болады деп мәлімдеді. Польша президентінің айтуынша, келісім жасалып қойған, АҚШ билігінде қандай әкімшіліктің болуына қарамастан, келісімдер жүзеге асырылады.