Accessibility links

Қырғыз оппозициясының жетекшісі атысқа байланысты тұтқындалды


Қырғызстан оппозициясының жетекшісі Аликбек Жекшенқұлов дүйсенбі күні қамауға алынды. Оған түрік кәсіпкерінің өліміне қатысы бар деген айыптар тағылып отыр.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бақыт Сеитов былай деп мәлімдеді:

“2007 жылдың желтоқсан айында Талас қаласында белгісіз бір адамдар түрік азаматы кәсіпкер Сервет Четинді Макаров пистолетімен атып өлтірді. Бұл оқиғаға байланысты тергеу ісі ашылған болатын. Оған сәйкес, әлгі кәсіпкерді өлтіруге пайдаланылған қару Жекшенқұловтікі болған көрінеді”.

Бұрынғы сыртқы істер министрі Жекшенқұлов қазір Әділеттік үшін оппозициялық қозғалысын басқарады. Қырғыз оппозициясы мен омбудсмен Турсунбек Акунның айтуынша, Жекшенқұловтың тұтқындалуының саяси астары бар.
XS
SM
MD
LG