Accessibility links

«Жыл мұғалімінің» соңғы кезеңі өтеді


Бүгін Алматыдағы № 54 гимназияда «Жыл мұғалімі — 2009» конкурсының соңғы кезеңі басталады, мұнда финалға шыққандар сабақ өткізбек, — деп хабарлайды қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 18 ақпан күні басталған аталмыш шара қалалық әкімшіліктің бастамасымен 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында 50-ден астам дарынды мұғалімдерді анықтаған конкурсқа биыл 79 мұғалімнен өтініш түскен, финалға олардың 10-ы ғана өтті.

18 наурыз күні сағат 15.00 -де Республика Сарайында қорытынды шығарылып, байқау жабылады.
XS
SM
MD
LG