Accessibility links

Балабақшалар суды үнемдеп пайдалануға мәжбүр


Бүгін сағат 14.30-да Алматы қаласының бірнеше балабақшасының басшылары «Алматы су холдингі» мекемесінің сумен қамтамасыз ету қызметінің бағасын қымбаттатуына байланысты наразылық білдіріп, баспасөз мәслихатын өткізбек.

Баспасөз мәслихатына қатысушылардың бірі, «Балбөбек» балалар орталығының директоры Қайыпжамал Төлеубекова Азаттық радиосына:
«Біз үшін су бағасының қымбаттауы жұмысымызға кедергі келтіріп, шығын әкеледі. Біздің балалардың көбі АПК (Алматы Пауэр Консолидэйтед) қызметкерлерінің балалары, ғимарат соларға тиесілі болғандықтан, жұмысшылардың балаларының төлейтін ақысы да арзан. Бізде орташа есеппен бір балаға 26827 теңгеден төленеді. Судың бағасы бюджеттен қаржыландырылатын балабақшалар үшін 30 теңгеден болса, бізге 99 теңгеге дейін қымбаттатып отыр. Оның үстіне біздің пайдаланатын суымыздың көлемін де азайтып тастады, мәселен бізден 200 текше метр су қысқартылды. Жаз мезгілінде аула шаң болып кететіндіктен, су шашып қоятынбыз, енді олай жасай алмаймыз, себебі үнемдеуіміз керек. Алматыда көлік жуу орталықтары мен сауна көп, олардың бәрі таза ауыз суды пайдаланып отыр. Біз пайдаланатын суға олармен бірдей баға қою ақылға қонбайды, өйткені біз олар сияқты пайда тауып отырған жоқпыз», — деді.
XS
SM
MD
LG