"БТА банкінің" бұрынғы басшысының туыстары ҚР президентінен Мұхтар Әблязовпен туыстық байланысы бар азаматтарды қуғындауға жол бермеуді сұрайды. Бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қаржыгердің немере апасы Шолпан Әблязова осылай деді.
Шолпанның айтуынша, президентке қайрылуға себеп болған оның ұлы «Agento – S» бағалау компаниясының директоры Таир Дүйсембековтің «Мұхтар Әблязовпен «БТА банк» АҚ-ның ақшасын қымқыру туралы қылмыстық келіссөзі» үшін айыпталып, тұтқынға алынуы. Сондай-ақ, ҚР ҰҚК қазіргі уақытқа дейін жылжымайтын мүліктің бағалау құнының артуына байланысты бір де бір дерек келтіре алмай отыр, қылмыстық іс құжаттарындағы жалғыз расталған ақпарат — Таирдың Мұхтар Әблязовтің туысы екендігі.
Осыған байланысты Шолпан Әблязова мемлекет басшысынан «қатардағы азаматты туыстық байланысы үшін саяси қуғынға алуға, адам құқықтарының бұзылуына жол бермеуді және бұл істі БАҚ өкілдерін қатыстырып, ашық түрде жасауды» сұрайды.