Accessibility links

Далай Лама Қытайды айыптады


Тибетте монахтардың Қытай билігіне қарсы көтерілісінің 50 жылдығы бүгін атап өтілуде. Тибеттіктердің рухани көсемі Далай Лама Қытайды Тибет көтерілісін аяусыз басып-жаншыды, бірнеше жүздеген мың адамның өліміне алып келді деп айыптады. Сондай-ақ Далай Лама Тибет мәдениеті мен тілін құртуға Бейжің күш салуда деп мәлімдеді.

Тибетте монахтардың Қытай билігіне қарсы көтерілісінің 50 жылдық оқиғасын 2008 жылы атап өтуге шыққан монахтардың бейбіт үдерістері Қытай билігіне қарсы шеруге айналып кеткен болатын. Бұл наразылық көтерілісі Қытайдың батысындағы тибет ұлт өкілдері тұратын аймақтарға да таралған болатын.

Қытай қазір қауіпсіздік күштерін Тибетпен шекарасына жұмылдырып отыр.
XS
SM
MD
LG