Accessibility links

Джо Байден бүгін Брюсселде


АҚШ вице президенті Джо Байден бүгін Брюсселде еуропалық одақтастармен кездесуде. Оның барысында Ауғанстандағы Талибанға қарсы күрес жайы талқылануда. Президент Барак Обаманың әкімшілігі АҚШ-тың Ауғанстандағы стратегиясын қайта қарауда. Ақ үй Ауғанстанға 17 мыңнан аса Құрама Штаттары күштерін жіберуге бұйрық берген болатын. Сондай-ақ еуропалық одақтастарын да мұндағы әскер санын көбейтуге шақырып отыр. Байден ең әуелі НАТО бас хатшысы Яап де Хооп Схеффермен кездесті. Содан кейін НАТО-ға мүше елдер елшілерінің кеңесімен жүздесті.
XS
SM
MD
LG