АҚШ вице президенті Джо Байден бүгін Брюсселде еуропалық одақтастарымен кездесуде. Оның барысында Ауғанстандағы Талибанға қарсы күрес жайы талқылануда. “Ауғанстандағы жағдайдың ушыға түсуі НАТО-ға мүше әрбір елге қауіп төндіруде деді Байден кездесуде. Сондай-ақ ол Пәкістан мен Ауғанстанда экстремистік одақтастардың қайта күш алып жатқанын да ескертті. АҚШ вице президенті ол күштермен күресте Вашингтонның еуропалық одақтастарымен бірге тығыз байланыста болғысы келетінін де жеткізді.
Президент Барак Обаманың әкімшілігі АҚШ-тың Ауғанстандағы стратегиясын қайта қарауда. Ақ үй Ауғанстанға 17 мыңнан аса Құрама Штаттары күштерін жіберуге бұйрық берген болатын. Сондай-ақ еуропалық одақтастарын да мұндағы әскер санын көбейтуге шақырып отыр. Байден ең әуелі НАТО бас хатшысы Яап де Хооп Схеффермен кездесті. Содан кейін НАТО-ға мүше елдер елшілерінің кеңесімен жүздесті.