Accessibility links

Үлескерлер стресті активтер қоры кеңсесіне талаппен келді


Бүгін «Халыққа баспана қалдырайық» қоғамдық бірлестігінің бір топ мүшеcі «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамының Алматыдағы ғимаратының алдына жиналып, қордың жұмыс істеу тетіктерін тездетіп айқындауды және үкімет пен «Самұрық-Қазына» қоры өкілдерінің үлескерлермен келіссөз өткізуін талап етті.

Үлескерлердің ашық хатын қордың өкілі қабылдап алды. Талап-хатты тапсыруға келгендердің қолдарындағы жазуларды олардың іс-әрекетін бақылаған полиция тартып алған соң үлескерлер тарап кетті.
XS
SM
MD
LG