Accessibility links

Пәкістан саяси белсенділерді қамап жатыр


Пәкістан билігі екі провинцияда қоғамдық жиындарға тыйым салып, полиция заңгерлердің жоспарланған шеруі алдында саяси белсенділерді қамауға алып жатыр.
Заңгерлер 2007 жылы бұрынғы президент Первез Мушарраф кезінде қызметінен алынған Жоғарғы соттың басшысы қайта тағайындалғанша, шерулерін жалғастыра беретіндіктерін айтқан.
Пәкістан президенті Асиф Али Зардари бұрынғы сот төрағасы Ифтихар Чаудриді қайта тағайындаудан бас тартқан.
Ел үкіметі наразылық шерулері қарсаңында Синд және Пинджаб провинцияларында қоғамдық жиындарға тыйым салды.
XS
SM
MD
LG