Accessibility links

Қырғыз полициясы оппозиция жетекшісіне кісі өліміне қатысты айып тақты


Бүгін Қырғызстанның ішкі істер министрлігі хабарлағандай, ел полициясы ресми түрде қамауға алынған оппозиция жетекшісіне 2007 жылы түрік азаматының өліміне қатысы бар деген айып тағып отыр.
Тергеушілер бұрынғы сыртқы істер министрі, Әділет партиясы жетекшілерінің бірі Әлікбек Жексенқұловтың осыдан екі жыл бұрын Талас қаласында атып өлтірілген түрік кәсіпкері Сервет Четиннің өліміне қатысы болған деген күдік келтіріп отыр.
Бүгін 150 шақты оппозиция қолдаушылары Бішкектегі аймақтық сот үйі алдында наразылық шарасын өткізіп, Жексенқұловтың босатылуын талап етті. Ол дүйсенбі күні қамауға алынған болатын.
XS
SM
MD
LG