Accessibility links

Грузия Евровидение байқауынан бас тартты


Грузия Ресейде сынға іліккен әнін қайтарып алып, Мәскеуде өтетін Евровидение әндер байқауына қатыспайтын болды.
Сейсенбі күні Евровидения ұйымдастырушылары грузиялық топтың ағылшынша "We Don't Wanna Put In" деген өлеңі Ресей премьер-министрі Владимир Путинге қатысты айтылған деп Грузияның ол әнін қабылдамай қойды.
Грузияның сараптау комитетінің басшысы Натиа Узнадзе бүгін Азаттыққа айтқанында, Грузия ол өлеңнің сөзін өзгертіп немесе басқа әнді таңдамау жөнінде шешімге келді деді.
XS
SM
MD
LG