Accessibility links

Оңтүстік Осетия өз аймағын Ресей базаларына 99 жылға береді


Грузияның жікшіл аймағы Оңтүстік Осетия өзінің аймағын Ресей күштеріне әскери базалар үшін 99 жылға беруге дайындалып жатыр. Бұл елдің президенті Эдуард Кокойты Интерфакс агенттігіне айтқанында, өз үкіметі Ресейдің шекара сақшылары базаларын елде 99 жылға орнатуына рұхсат беруге шешім қабылдады деген. Және ол ресейлік базалар жөніндегі келісімге мүмкіндігінше тезірек қол қойылады деген үмітін білдірді.
Бұл арада Грузия президенті Михаил Саакашвили өз елі ұлттық қорғанысқа баса назар аударатын әскери стратегияны қайта қарап жатыр деп айтты.
XS
SM
MD
LG