Accessibility links

Көлік прокуратурасы Үржар әуежайын жабуды сұрайды


Шығыс Қазақстан облысындағы шалғайда жатқан аудан орталықтарының бірі – Үржар ауылындағы әуежайды Семей көлік прокуратурасы талапқа сай емес деп тауып отыр, деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Өскемен- Семей-Үржар бағытындағы әуе қатынасын жасайтын ұшақтарды қабылдайтын әуежайда ауа-райының қолайсыздығына төтеп беретін қажетті арнайы техника мен құрал-жабдықтардың болмауы, тіпті, ұшу алаңының қоршалмағаны қауіпсіздік талаптарына өрсекел қайшы деп тапқан көлік прокуратурасы, аталған кемшіліктер түзелмейінше, әуежайды жабуды сұрап азаматтық авиация комитетіне ұсыныс енгізгелі отыр.
XS
SM
MD
LG