Accessibility links

«Нұр Отан» партиясы жаңа доктрина әзірлемекші


Бейсенбі күні Парламент сенатында сөйлеген сөзінде «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев 2012 жылға арналған партияның жаңа доктринасы дайындалатынын мәлімдеді.

«Бұл негізгі құжат болуы себепті партия оған жауапкершілікпен қарауы тиіс деп санаймыз. 2012 жыл ел үшін сайлау жылы болғандықтан қоғамға, барлық саяси институттарға біз сол кезеңге дайындалуға кіріскеніміз туралы алдын ала мәлімдегіміз келеді», - деді Д.Қалетаев.

«Нұр Отан» партиясының төрағасы – Қазақстанның қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев болып табылады.

Конституцияға сәйкес, 2012 жылы Қазақстанда кезекті президент сайлауы өтуі тиіс.
XS
SM
MD
LG