Accessibility links

Ана мен бала ұлттық орталығы шетелдік компанияның басқаруына берілді


Ұлттық медицина холдингінің қарамағындағы ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Австрияның Vamed компаниясының басқаруына берілді. Бұл туралы келісімге бүгін екі тарап қол қойды.

«Бұл тарихи оқиға, өйткені, Vamed компаниясының қатысуымен Қазақстанда тұңғыш рет емханаларды басқарудың халықаралық стандарттарын енгізбекпіз, бұл тәжірибе біртіндеп Қазақстанда кең тарайды деп үміттенеміз», – деді Ұлттық медицина холдингі акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алмас Шарман.

Холдингпен арада жасалған келісім бойынша, Vamed компаниясы ана мен бала ұлттық ғылыми орталығын екі жыл тоғыз ай басқаруға алады.
XS
SM
MD
LG