Accessibility links

Ресейде оппозиция басқаша ойлайтындардың шеруін өткізбек


Бүгін Ресей оппозициясы келіспеушілер күнін өткізуде. Другая Россия коалициясының жетекшісі Марина Литвинович Азаттықтың орыс қызметіне хабарлағандай, оппозиция белсенділері Мәскеудің үлкен көшелерінде премьер-министр Владимир Путиннің отставкаға кетуін талап етіп, шеру өткізбекші.
Бұл арада Санкт-Петербор қаласында оппозицияның 10 қолдаушысы қаланың орталығына шығып, елдегі экономикалық дағдарысқа байланысты басшылыққа өз ұсыныстарын беру ниетін танытты. Азаттық радиосының Санкт-Петербордағы тілшісі хабарлағандай, полиция шеруге шыққан бір адамды қамауға алды. Ресей Ішкі істер министрлігі барлық рұхсат етілмеген жиындарды тоқтататындарын айтқан.
XS
SM
MD
LG