Accessibility links

Қырғыздың Баткен қаласы екі күн ауыз сусыз қалды


Қырғызстанның Баткен қаласындағы тұрғындар ауыз сусыз екінші күн тұрып жатыр. Баткеннің су тазалау департаментінің директоры Қалық Орозов су тапшылығына үлкен себеп болған мәселе - қаланың электр энергиясы үшін қарызы деген. Оның сөзіне қарағанда, электр қуатын беріп отырған орталыққа қаланың қарызы 4 млн сом, яғни 97 мың доллар болған.
Өткен айда жергілікті сот ауыз су берушілерді ол қарыздарды төлеуге міндеттеген, бірақ ол әлі төленбеген. Орозов ол қарыз жақын күндері төленіп қалар деген үмітін білдіріп отыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG