Accessibility links

Дарфурда қайырымдылық топтың дәрігерлері ұрланды


Суданның батысындағы Дарфур аймағында Шекарасыз дәрігерлер тобының қызметкерлері ұрланды. Бұл оқиға осының алдында Халықаралық қылмыстық соттың соғыс қылмыстарын жасады деген күдікпен Судан президенті Омар әл-Ашарға іздеу жариялау шешіміне байланысты ушыға түскен жағдайлардан соң болып отыр.

БҰҰ-ның бітімгершілік күштері хабарлағандай, басында кісі ұрлағандар 5 адамды басып әкетіп, кейін жергілікті екі жұмыскерді босатқан. Қалған үш шетелдіктің Италия, Франция және Канададан екендігі айтылды.

Халықарылық сарапшылардың айтуынша, алты жылға созылған Дарфурдағы қақтығыста кемінде 200 мың адам қаза болды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG