Әлемдегі ең бай адамдардың тізімін анықтайтын американың Forbes журналының хабарлауынша, Ресей миллиардерлері ғаламдық дағдарыс салдарынан байлығының үштен-екі бөлігін жоғалтқан. Сөйтіп, Мәскеу бұл тізімде байлары ең көп мекен болмай қалған. Forbes-тың жазуынша, 2008 жылы Ресейде бағаның құнсыздануынан миллиардерлер саны 87-ден 32-ге бір-ақ түскен. Әлемдегі байлары ең көп қала болған бұрынғы Мәскеудің орнын енді Нью-Йорк қаласы басып отыр.
Әлемдегі ең бай азаматтардың бірі Майкрософт компаниясының құрылтайшысы Билл Гейтс қаржылық дағдарыстан 18 млд доллар ақшасын жоғалтқан дейді Forbes журналы.
Әлемдегі ең бай азаматтардың бірі Майкрософт компаниясының құрылтайшысы Билл Гейтс қаржылық дағдарыстан 18 млд доллар ақшасын жоғалтқан дейді Forbes журналы.