Accessibility links

Аргентина мен Ресей елдері визасыз жүруге келісті


Аргентина мен Ресей екі ел арасындағы азаматтардың жүріп-тұруындағы визаны алып тастауға келісті. Аргентина бұл келісімге сәрсенбі күні қол қойған. Бұл елдің сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, енді Ресей мен Аргентина азаматтары екі елде 90 күнге дейін визасыз жүре алады. Бұл келісімді жасау туралы өткен желтоқсан айында Аргентина президентінің Мәскеуге сапарында көтерілген болатын.
XS
SM
MD
LG