Accessibility links

Қазақстанда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3,2% кеміген


Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында өнеркәсіптік өндіріс көлемі 96,8% құрады, деп хабарлады ҚР Статистика жөніндегі агенттігі жұма күні ресми сайтында шыққан ақпаратта.

Аталған кезеңде жалпы көлемі 1014,4 млрд теңгенің өнімдері шығарылған. Өнеркәсіптің өңдеуші саласының өндіріс көлемі 88,6%, электр қуаты, су мен газ өндіру және тарату – 92,2%, ал тау-кен өнеркәсібінде – 101,5% құраған.
XS
SM
MD
LG