Accessibility links

Мұхтар Әблязов: Үкімет менен «халық жауын» жасамақшы


БТА Банктың бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов шетелден телефон арқылы ҚазТАГ агенттігіне берген сұхбатында, үкімет «БТА Банкты тартып алып, енді менің өзімнен «халық жауын» жасауға тырысып жатыр» мәлімдеді.

Ол өзінің туыстары Қазақстанның заң орындары тарапынан қуғындалып жатқанын айтты. Әблязов БТА Банктың қазіргі жағдайы аса ауыр деп сипаттап, дәл қазіргідей басқару жалғаса берсе, бір кезде ТМД көлеміндегі озық банк аталған қаржы алпауытының құрдымға кететіні туралы пікір білдірді.

«Жалғыз ғана үміт – күрделі жағдайда жол тауып қиындықты жеңіп шығатын білімді адамдар табылар, ондай білікті мамандар елде бар, бірақ қазір олар ешкімге керек болмай отыр», - деді М.Әблязов.
XS
SM
MD
LG