Accessibility links

Қазақстан жыл соңына қарай ірі 4 автокөлік жолдар жобаларын бастамақ


Қарағанды – Астана, Алматы – Қапшағай, Алматы – Қорғас және Алматы қаласының сыртындағы үлкен айналма жолдардың жобаларына биыл тендер өткізіліп, жыл соңына қарай құрылыс жұмыстарын бастау көзделіп отыр, деп хабарлады бүгін Астанада үкімет мүшелері мен БҰҰ-ның еуропалық экономикалық комиссиясы іскерлік кеңесі өкілдерінің кездесуінде ҚР көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов.

Ол сондай-ақ биылғы екінші жартыжылдықта тағы екі жол жобасы бойынша тендер өтетіндігін айтты: Шымкент – Тәшкен жолын Жамбыл облысының шегіне дейін қайта құрастыру және Астана – Щучинск автобанына интеллектуалдық жүйе енгізу.
XS
SM
MD
LG