Қырғызстанның Ұлы бірлік партиясы жетекшісінің сөзіне қарағанда, президент кеңсесінің бұрынғы басшысы Медет Садыркулов өлтірілген сияқты. Ермек Каптагаевтің Азаттық радиосына айтуынша, Садыркулов ол қызметінен президент Құрманбек Бакиевтің саясатымен келіспегендіктен де кеткен. Садыркулов ел президентін републиканы отбасыңа билетіп қойдың деп айыптаған екен. Сондықтан Садыркуловты ел ресмилері өлтіртті деген ойында шүбә жоқ деп есептейтінін Каптагаев айтты. Наурыздың 13-де Бішкекке жақын жерде отқа оранған көлік ішінен 3 адамның мәйіті табылған екен. Соның бірі Садыркулов болуы мүмкін дейді Каптагаев. Ел билігі тексерулер нәтижесін күтуде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV