Accessibility links

Пәкістан ресмилері оппозицияны келіссөздерге шақырды


Пәкістан заңгерлері мен оппозициялық партиялары, соққыға жығылғандарына қарамастан, үкіметке қарсы шараларын жалғастыруда. Ел ресмилері өткен күндерде бірнеше жүздеген шерушілерді тұтқындаған болатын. Сондай-ақ олар оппозицияның үкіметке қарсы ауто-шеру ұйымдастырмақ ниетіне кедергі жасау үшін ол керуеннің алдын бөгеп тастаған еді. Шеру 16 наурызға дейін жалғасады деп жоспарланған болатын. Полиция шеру белсенділерін аяусыз жазалауда. Ал Пәкістан ресмилері болса, елдегі саяси дағдарысты шешу мақсатында оппозицияны келіссөздерге шақырып отыр.

Ел билігі қалыптасқан жағдайды ақылдасу үшін наурыздың 13-де кездесті. Олар шерушілердің Пәкістанда бей-берекеттіктер орнатуына жол бермейміз деген болатын.

АҚШ дипломаттары тараптарды күш қолданудан аулақ болуға шақырды.
XS
SM
MD
LG