Accessibility links

Петреус Ауғанстанға көбірек әскери көмек көрсетуге шақырды


АҚШ Орталық басқармасының жетекшісі генерал Дэвид Петреус АҚШ күштерінің санын көбейту Ауғанстандағы проблемаларды шеше алмауы мүмкін деп мәлімдеді.

Жұма күні Коннектикут штатында сөйлеген сөзінде Петреус 2007 жылы Ирақтағы әскерилердің санын өсіру сияқты шара Ауғанстанда сәтсіз болуы мүмкін себебі бұл мемлекеттің инфрақұрылымы мұндай операциямен айналысуға жеткіліксіз деп атап көрсетті.

Ауғанстан мен Ирақтағы АҚШ күштерінің бас қолбасшысы генерал Петреустің айтуынша, Ауғанстандағы жағдай нашарлап барады. Тұрақты ауған үкіметін құруға көмектесу үшін шетелден көбірек әскери және азаматтық ресурстар қажет болады, деді Петреус.
XS
SM
MD
LG