Accessibility links

Иранда 4 қылмыскер дарға асылды


Иранның оңтүстігіндегі Шираз қаласында орналасқан түрмеде адам өлтіріп, зорлады деп айыпталған 4 қылмыскер дарға асылды. Etemad басылымының хабарлауынша, дарға асылғандардың біреуі 27 жастағы туысын өлтіргені үшін сотталған екен.

Сонымен осы жылдың басынан бері Иранда дарға асылған азаматтардың саны 65-ке жетіп отыр деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG