Пәкістан билігі елдің бұрынғы премьер-министрі қазіргі оппозиция жетекшісі Науаз Шарифті үй қамауында ұстап отыр. Мұндай шара жаппай наразылық шарасына Шарифтің жетекшілік етуіне кедергі жасау үшін қолға алынып отыр.
Полиция Лахор қаласындағы Шарифтің үйін қоршап алды. Ресмилердің айтуынша, Шариф үйінде үш күн болуы тиіс. Хабарларға қарағанда, Шарифтің бауыры мен басқа да оппозициялық жетекшілерге осындай шектеулер енгізілген.
Пәкістан оппозициясы жаппай наразылық шараларын дүйсенбі күні Исламабадтағы парламент ғимараты жанында жалғастыруды жоспарлап отыр. Полиция бұл шерулерге тосқауыл жасау мақсатында бірқатар белсенділер мен заңгерлерді тұтқындады.