Accessibility links

«Алма-Ата инфо» газеті мен журналист А.Бименбетовке қарсы сот жалғасады


Бүгін сағат 11.30-да Алматының Медеу аудандық сотында «Алма-Ата инфо» газеті мен оның штаттан тыс тілшісі Асхат Бименбетовке қарсы жергілікті кәсіпкердің берген талап арызы бойынша азаматтық сот ісі жалғасады. Кәсіпкер Валерий Алефриенко былтыр күзде осы газетте жариялаған өзі туралы мақала ар-ожданына тигенін алға тартып, моральдық өтем ретінде, редакциядан 100 млн теңге (шамамен 667 мың АҚШ доллары) өндіріп беруді соттан сұрап отыр.

Журналист А.Бименбетов ол мақаласында, ауторлық құқықтың бұзылуын желеу еткен «KZ SHIELD» кәсіпорнының басшысына Алматы облысының кәсіпкерлері 50 мыңнан 200 мың теңге аралығында ақша төлеуге мәжбүр болғандығын жазған болатын.
XS
SM
MD
LG