Accessibility links

Облыстық сот Конституциялық кеңеске жүгінді


Ақмола облыстық соты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 484-ші бабының ел Конституциясына сәйкес келмейтіндігін тану туралы Конституциялық Кеңеске ұсыныс енгізді, деп хабарлайды КК-тің баспасөз қызметі.

Облыстық соттың пікірінше, Әкімшілік кодекстің 484-ші бабына сәйкес көлік құралдарының жүргізуші азаматтарды көлік құралдарын пайдалану және жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тарту – құқықтық тәртіп бұзғаны үшін қайтадан әкімшілік жауапқа тарту болып табылады, яғни бір рет құқық бұзған кісіні екінші қайтара жауапқа тарту көзделген.

Ал бұл Қазақстан Конституциясының 77-ші бабының 3-ші тармағының 2-ші тармақшасына сай келмейді, деп санайды Ақмола облыстық соты.
XS
SM
MD
LG