Астана қалалық соты, прокуратураның берген өтінішін қанағаттандырып, Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Әлжан Брәлиевті тағы екі ай қамауда ұстау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі
Қазақстан қаржы полициясы Ә.Брәлиевті ақпанның 28-і күні ұстаған еді, содан бері ол қамауда отыр. Ал наурыздың 3-і күні Қаржы полициясы Қоршаған ортаны қорғау министрінің тағы бір орынбасары Зейнолла Сарсенбаевты ұстаған болатын. Ол екеуіне мемлекет қаражатынан 522,8 млн теңгені талан-таражға салған деген күдік тағылып отыр. Сәрсенбаев денсаулық жағдайына байланысты наурыздың 6-сынан бері үйқамақта.
Ә.Брәлиевтің әкесі Хамидулла Брәлиев ұлының орнын көздеген әлдекімдер оған қарсы арандатуды әдейі ұйымдастырған деп санайды.