Accessibility links

Пәкістанның бұрынғы бас судьясы қызметіне қайта келеді


Пәкістан үкіметі бұрынғы бас судья Ифтихар Чаудриді қызметіне қайта әкелуге келісті. Үкімет басшысы Юсуф Раза Гилиани бұған орай мәлімдемені жексенбінің кешінде жасады. Бұрынғы үкімет басшысы, қазіргі басты оппозициялық партия жетекшісі Наваз Шариф осы мәлімдеменің ізін ала сөйлеген сөзінде оппозициялық шерулерді тоқтатуға шақырды.

Чаудри басқа да судьялармен бірге бұрынғы президент Первез Мушарафтың тұсында қызметтерінен кетірілген болатын. Қазіргі үкімет оларды қызметтеріне қайтып әкелуге уәде беріп, алайда оны орындамай келген еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG