Accessibility links

Қырғыз оппозициясы Ақсы оқиғасын еске алмақшы


Полиция Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ақсы ауылында 2002 жылы болған жиында, қарусыз шерушілерге оқ атып, оның кесірінен 6 адам қаза болған-ды. Ол шерулер бұрынғы президент Асқар Ақаевты “Қытайға жер беруде” деп парламент депутаты Әзімбек Бекназаровтың айыптауынан кейінгі саяси теке-тірестен туындаған еді. Сейсенбіге белгіленген еске алудан кейін жиналғандар ел үкіметінен 2002 жылы шерушілерге оқ атқандарды табуды талап етпекші.

Оппозицияның айтуынша, жергілікті ресмилер еске алу жиынын өткізуге рұқсат бермей отыр.

Олай болған жағдайда шеруге шығатындарын ауыл тұрғындары ресмилерге ескертуде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG