Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жергілікті органдармен бірлесіп екі бағыт бойынша жергілікті бюджеттерді 50 пайызға қысқартуды көздеп отырғаны туралы бүгін Астанада Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары Ербол Орынбаев хабарлады.
«Бірінші бағытқа жаңа нысандардың құрылысын салу және реконструкциялау, басымды емес нысандардың құрылысы, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу, ақпараттық жүйелерді құру, жарғылық капиталды толтыру сынды шығындар кіреді. Екінші бағыттағы шығындарға іссапарлар, біліктілікті арттыру, мемлекеттік органдардың ғимараттары мен жайын күрделі жөндеу, мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жабдықтау және басқа да шығындар кіреді», - деді вице-премьер.
Ол сондай-ақ, елде жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясының жалпы бюджеті 193 млрд. теңгені құрап отырғанын айтты.