АҚШ әскерилері Ирақтың үстінен ұшып бара жатқан ішінде адамы жоқ алыстан басқарылатын ирандық ұшақты атып құлатты. Американ күштерінің айтуынша, ол ұшақ өткен айда Бағдадтан 100 шақырымдай жерде атылды. Құрама Штаттар әскерилерінің мәлімдемесінде ол апатты жағдай болған жоқ делінген, бірақ Ирақ қорғаныс министрлігіндегі әскери операциялардың басшысы генерал-майор Абдул Азиз Мохаммед Жассимнің сөзіне қарағанда, ирандық пилотсыз әуекеменің Ирақ кеңістігіне енуі бәлкім түсінбестіктен болды.